МЕНЮ
AITU Excellence Test (сынақ ағыны)
17 сәуір, 16:00 - аймақтарда
AITU Excellence Test - университетке түсу үшін Astana IT University түсу емтиханы.
Емтихан 2 модульден тұрады және компьютерлерде тест түрінде өткізіледі.

Емтиханға тіркеу abitur сайты арқылы жүзеге асырылады.
Қалаңызды таңдаған кезде сізге қол жетімді ағын ашылады.

Тестілеу орталықтардың мекенжайлары


  • Астана, Astana IT University (Мәңгілік ел даңғылы, С1 блогы)
  • Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 71/22
  • Шымкент, Д. Қонаев даңғылы, 21 (Ж.А. Тәшенов ат. университеті)
  • Семей, Глинки көшесі, 73г
  • Көкшетау, Абай көшесі, 139 ("Арна" Кокшетау жоғары колледжі )
  • Атбасар, Жеңіс көшесі, 86 (№ 1 ЖББМ )
  • Ақтөбе, А. Бөкейханов көшесі, 15А
  • Шалқар, Ә.Жангелдин көшесі, 89А (ЖББОМ №6)
  • Шамалған, Наурыз көшесі, 62 (Ә. Бұқарбайқызы ат. мектеп)
  • Есік, Райымбек батыр көшесі, 44 (Райымбек батыр ат. ЖББМ)
  • Атырау, Сырым Датов көшесі, 208
  • Құлсары, Махамбет Өтемісов даңғылы, 72 (ЖББОМ № 6)
  • Өскемен, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34
  • Тараз, Қарасу шағын ауданы, 5А
  • Төлеби, Қарасу көшесі, 2А (Оқушылар сарайы)
  • Талдықорған, Ракишев көшесі, 4/4
  • Жаркент, А.Туркебаев көшесі, 41 (Хамраев ат. ОМ)
  • Орал, Хусаинов көшесі, 131/1 а
  • Қарағанды, Казахстанская көшесі, 15а
  • Балқаш, Жүніс Әбуғалиев көшесі, 7
  • Қостанай, Тәуелсіздік көшесі, 118, 2 этаж
  • Арқалық, Әуелбеков көшесі, 17 (Ы. Алтынсарин ат. АрқПУ)
  • Қызылорда, Сол жағалау, 115 ("Болашақ" университеті)
  • Жаңақорған, Ү. Мәдиев көшесі, 51 (№110 МЛ)
  • Әйтеке би, Ж. Нұрмағанбетұлы көшесі, 128 (Е. Бозғұлов ат., №249 МЛ)
  • Ақтау, 1 В шағын ауданы, 12 ғимарат
  • Бейнеу, Қосай ата көшесі, 15 (Ы.Алтынсарин ат. ЖББМ)
  • Жаңаөзен, Арай ықшам ауданы ауданы, Отырар көшесі, 65А (МЛ №24)
  • Павлодар - Толстого көшесі, 99 (101А)
  • Екібастұз, Энергетиктер көшесі, 54А ()7 Сатпаев ат. ЕИТИ)
  • Петропавл, Қазақстан Конституциясы көшесі, 60
  • Новоишим, Әуелбеков көшесі, 2а (Новоишим қазақ ОМ)
  • Түркістан, Бекзат Саттарханов көшесі, 49А
  • Жетісай, М. Өзтүрік көшесі, №13 (Алпамыс батыр ат., №8 ОМ)
  • Сарыағаш, Бәйтерек, 81 (Толыбай батыр ат. №66 ОМ)
  • Шолаққорған, Тоқпанбетов көшесі, 1а (IT мектеп-лицей)
  • Жезқазған, Байқоңыров көшесі, 123
Өткізу форматы:
Astana IT University ғимаратында-тегін
Аймақтардағы тестілеу орталықтарында - 2700 теңге
1 модуль
Ағылшын тілі. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын емтихан.
Сұрақтар саны - 50
Уақыт - 60 минут
Тапсыру мүмкіндігі - 2 рет

0-19 балл - қайта тапсыру
20-29 балл - AITU базасында ағылшын тілі курстарына қатысу шартымен университетке түсу
30-50 балл - модульді сәтті тапсыру

Жалпыеуропалық құзыреттерге (стандарттарға) сәйкес ағылшын тілін меңгергенін растайтын қолданыстағы мынадай халықаралық сертификаттары (түпнұсқалары) бар тұлғалар ағылшын тілі бойынша 1-модульді тапсырудан босатылады:

  • International English Language Testing System( IELTS), шекті балл - кемінде 5.0;
  • Test of English as a foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP) - кемінде 460 балл;
  • Теsт of English as a Foreign Language Internet-based Test (TOEFL IBT), шекті балл - 46-59;
  • B1 деңгейіне сәйкес нәтижемен Aptis сертификаты;
  • 2024-2025 жылы Астана, Алматы және Қарағанды қалаларының InterPress тіл орталықтары берген B1 деңгей сертификаттары;
  • AITU iQyn олимпиадасының сертификаты
  • AITU Foundation
1 модульге дайындалуға арналған материалдар:
2 модуль
Информатика негіздері және логика.
Тестілеу студенттің кіру білім деңгейін тексеру үшін жүргізіледі.

Сұрақтар саны - 50
Уақыт - 60 минут
Тапсыру мүмкіндігі - 2 рет

0-9 балл - қайта тапсыру
10-24 балл - қосымша материалды оқуға ұсыныстармен университетке түсу
25-50 балл - модульді сәтті тапсыру

AITU iCode, AITU Open, Жәутіков немесе Еуразиялық олимпиаданың жүлдегері сертификаттары бар және информатика пәнінен AITU Foundation курсын бітірген талапкерлер компьютерлік ғылымдар мен логика негіздері бойынша модульді тапсырудан босатылады.
2 модульге дайындық материалдары

Тестілеу орталықтарында тапсыратын талапкерлер үшін тест ақысын төлеу
Бағасы 2700 теңге
(Астана қаласында тапсыратын талапкерлерге тест Astana IT University-де тегін жүргізіледі)
AITU Excellence Test түсу емтиханы үшін төлем Halyk Bank арқылы жүргізіледі және тестілеу орталықтарында тапсыратын талапкерлер ғана төлейді.

Емтиханға тіркеу abitur.astanait.edu.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.

Қалаңызды таңдаған кезде сізге қол жетімді ағын ашылады.