МЕНЮ
Digital Journalism
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштерді қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы 2025 жылғы 20 маусым мен 10 тамыз аралығында екі лекпен жүзеге асырады:
- Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін - 2025 жылғы 20-маусымнан 6-шілдеге дейін;
- Ақылы негізінде түсу үшін - 2025 жылғы 10-тамызға дейін
Шығармашылық емтихандар талапкерлердің шығармашылық бағыттағы мамандықты игеру қабілеттерін және жеке алғышарттарын анықтауға бағытталған.

Шығармашылық емтихандардың мақсаты - талапкердің «В042 - Журналистика және репортерлік іс» білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқуға дайындығын тексеру.

Міндеттер:
  • талапкердің шығармашылық әлеуетін бағалау;
  • коммуникация саласындағы жазбаша және ауызша білімді, дағдылар мен құзыретіліктерді анықтау;
  • талапкердің осы білім беру бағдарламасына түсу уәждемесін және университетті бітіргеннен кейін мамандық бойынша жұмыс істеуге деген ұмтылысын анықтау.


Әр шығармашылық емтихан 50-балдық жүйемен бағаланады

1 кезең
1-ші шығармашылық емтихан берілген тақырыптардың біріне жазбаша түрде шығарма форматында өткізіледі.  

Берілген тақырыптағы шығарма - жеке пікірлердің, әсерлердің, ойларын ерікті прозалық формасы мен композициясындағы жазбаша экспозиция.  Жазу стилі – әдеби немесе публицистикалық, тілі – мектеп бағдарламасының лексикалық, морфологиялық және синтаксистік нормалары шеңберінде. Шығармаға қойылатын негізгі талап - берілген тақырыпты ашу.
Шығарманың үлгілі тақырыптары:

• Әлем және Қазақстандағы журналистиканың даму тарихы.

• Журналистикадағы цифрлық технологиялар және жасанды интеллект.

• Әлемдегі журналистиканы дамытудың үздік тәжірибелері және болашақ журналистикасы.

• Журналистикадағы экологиялық тақырыптар.

• Жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның ұлттық бірегейлігі.

• Журналистің кәсіби этикасы.

• Қазақстан жастарының медиа тұтыну трендтері.

• Қазақстанның медианарығы.

• Дәстүрлі журналистиканы цифрландыру.

• Сыбайлас жемқорлық және академиялық адалдық.

1-ші шығармашылық емтиханның бағалау критерийлері
  • тақырыпты аша білу, мазмұндылық, аналитика – 15 балл;
  • құрылым, композициялық толықтық – 15 балл;
  • жазу тілі мен стилі, бейнелілігі, сауаттылығы – 20 балл.

Шығарманың жалпы көлемі – 400-500 сөз.

Шығарманы жазу уақыты – 3 сағат.

Талапкерлер 1-ші шығармашылық емтиханды компьютерлік форматта тапсырады. Шығармалар плагиат пен жасанды интеллект көмегімен жазылған контенттің пайдалануына тексеріледі.
2 кезең
2-ші шығармашылық емтихан кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу түрінде ауызша өткізіледі (шығармашылық жобаны қорғау және комиссия сұрақтарына жауап беру).

Әңгімелесу барысында талапкер жоспарланған немесе іске асырылған шығармашылық жобаны – талапкердің тапсырмада қойылған мақсатқа жету үшін өзінің шығармашылық шешімін комиссия алдында ұсынады. Тапсырмалардың тақырыбы болашақ мамандықтың ерекшелігіне қарай жасалады.
Шығармашылық жобалардың тақырыптары (талапкер бір тақырыпты таңдайды)
№1 тақырып. Әлеуметтік желілерде университеттің журналистика бойынша білім беру бағдарламасын танымал ететін флешмоб немесе лайфхак жасаңыз.
№2 тақырып. Әлеуметтік желілердегі 1) Университет парақшасын немесе 2) жеке парақшасын немесе 3) топ (паблик), медиа жобасының парақшасын жылжыту үшін контент жоспары мен контент стратегиясын ұсыныңыз.
№3 тақырып. Цифрлық медиа технологиялар, жарнама, PR, қоғаммен байланыс, ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласында стартап-жоба әзірлеңіз.
№4 тақырып. Өзіңіздің жеке бейнефильміңізді, жарнамалық роликті, қысқаметражды фильмді, визитканы, медиа жарияланымдарды және авторлық медиа контенттің басқа түрлерін көрсетіңіз.

Жоғарыда аталған тақырыптардың бірі бойынша жобаны ұсыну міндетті болып табылады. Жобаны ұсыну электрондық немесе қағаз нұсқада схемалық және графикалық бейнелерге форматында қабылданады. Презентациялар мен бейнелерге, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға сілтемелер емтихан басталғанға дейін Bogdan.petrov@astanait.edu.kz электрондық поштаға жіберілуі керек. Сондай-ақ талапкердің қалауы бойынша «В042 - Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалары тобы бойынша оқуға түсу үшін оның кәсіби жарамдылығын растайтын портфолио, грамоталар, дипломдар, сертификаттар және басқа да құжаттарды қосымша ұсынуға рұқсат етіледі.

2-ші шығармашылық емтиханды бағалау критерийлері
  • берілген тақырыптар бойынша жобаны ұсыну (өзіндік ерекшелігі мен шығармашылығы; өзектілігі мен нысаналы бағыты; құрылымы мен ақпарат берудің логикасы; сапасы, визуализациясы және техникалық орындалуы) – 20 балл;
  • талапкердің жалпы ой-өрісі (талапкердің елдің қоғамдық-саяси өмірін, мемлекеттік құрылымын, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттарын және т. б. білуі), БАҚ қызметі туралы түсінік деңгейі (медиа порталдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы сипаттамасы), болашақ мамандық туралы түсінігі – 15 балл;
  • өз ойларын жеткізе білу, сөйлеу байлығы, жалпы мәдениет, шешендік, дикция және т.б.  – 15 балл.

Жобаны ұсынуға 10 минут, комиссия мүшелерінің сұрақтарына 5 минут беріледі.  

Шығармашылық емтиханға тіркелу
ЕНТ сертификаты
Сканнерленген сертификатты тіркеңіз
Ағылшын тілін білетіндігін растайтын Сертификат (бар жағдайда)
Назар аударыңыз!

Талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясына 1-ші шығармашылық емтиханды өткізу уақыты басталғанға дейін келесі құжаттарды тапсыруға міндетті:
- жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат(аттестат / диплом - түпнұсқа);
- Өлшемі 3 x 4 сантиметр болатын 2 фотокарта;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- ҰБТ сертификаты (бар жағдайда).